Куба президенті қасық қаны қалғанша елін қорғауға дайын екенін айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Мигель Диас-Канель АҚШ-тың Кубаны сынға алуға құқығы жоқ екенін, өйткені «барлығын, соның ішінде адам өмірін де бизнеске айналдыратын» америкалық билік екенін атап өтті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Куба 66 жыл бойы АҚШ-тың орынсыз шабуылдарына душар болып отыр, және өз тәуелсіздігін «соңғы тамшы қаны қалғанша» қорғауға дайын. Куба президенті Мигель Диас-Канель бұл мәлімдемені АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздеріне жауап ретінде жасады.








